Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ол атағандай, АШМ Аграрлық ұлттық орталығына қатысты бірқатар қылмыстық іс тіркелді.Ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыс тіркелсе, оның жартысынан көбі субсидия саласына қатысты болған. «Жайылымдарды субсидиялау» бағарламасы аясында 5 жылда 80 млрд теңге бөлінген. Бұл инвестициялық субсидиялардың 80 пайызы бұрғымаларды ұңғымалау мен күн панельдерін орнатуға жұмсалады. Бұл жағдайда қаржыны жымқыру талаптарға сәйкес келмейтін шаруалар мен қондырғыларды 2-3 есе қымбатқа бағалау жүзеге асырылған, - деді Ахметжанов.
Ахметжанов осындай деректер Жамбыл, Түркістан, Атырау және Жамбыл облыстарында да тіркелген.Орталық қызметкерлері жүйелі түрде негізсіз сыйақылар алып отырған. Олар жемқорлық жүйесін өздері құрып алған. Ақтөбе облысында туыстарына рәсімделген ЖК арқылы жұмыс істейтін қылмыстық топ ұсталды. Олар күн панелдерін жеткізумен айналысқан. Фермерлерге шығып, оларды арбау арқылы рәсімдерді өзі жүргізген. Қондырғыларды 3 есе қымбатқа рәсімдеп, артық қаржыны қалтастына басқан. Тексеру кезінде онда фермерлердің ЭЦҚ-сы бар 400-ден астам флешка табылған. Көлеңкелі бухгалтерия 300 млн теңгені заңсыз тапқан. Бұл бағдарлама бойынша қаржының жартысы 140 млрд желге ұшқан, - деді ол.
Сондай-ақ ол ірі қара малды асырауға заңсыз субсидиялар бар екенін айтты.Бұл жағдайларға жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі таңғалдырады. Олардың түсінігінше, егер жемқорлықты әкімдік қызметкері жасамаса, оларға қатысы жоқ. Ал, шын мәнінде, бұл облыстық бюджеттің экономикасына айтарлықтай әсер етеді, - деді ол.
Бүгінде 62 қылмыстық іс қаралып жатыр. Алайда біздің мақсатымыз статистика емес, - деді Марат Ахметжанов.