Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғылым конференция өтті

24 Маусым 2022, 17:28
2460
Бөлісу:
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғылым конференция өтті
PHOTO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған  ғылыми конференция өтуде.

Конференцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы жүргізіп жатыр. 

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғылым конференция өтті



Конференцияда сөз алған Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев Қазақ халқының қоғамдық және мәдени оянуына қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және лингвист А. Байтұрсынұлының қызметі түркі әлемінің бай мұрасының жарқын үлгісі екенін айтты.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғылым конференция өтті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын іс-шаралармен таныстырды.

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын атап өту үшін 63 іс-шара қолға алынған. Оның 30-40 пайызы жүзеге асырылды. Бірақ ең жоғары халықаралық деңгейде өтетін іс-шаралар жылдың екінші жартысына түсіп отыр.  Сол себепті мағанда біршама жауапкершілік түсіп отырған жайы бар. Қыркүйек айынан бастап Стамбұл және Анкара қалаларында дөңгелек үстелдер өтеді. Сондай-ақ Ахаңның мерейтойынам орай ЮНЕСКО деңгейінде конференция өткізу көзделуде. Ал жыл соңында қорытынды ретінде түркі әлемінің конгресі өтеді. Ол Түркістан қаласында өткізіледі. Оған қазірден бастап дайындалып жатырмыз, - деді ведомства басшысы.  

 

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғылым конференция өтті

Сонымен қатар конференция аясында Халықаралық түркі академиясының әзірлеген «Түркістан – түрк елі энциклопедиясы», «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары», «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітаптарының тұсаукесері өткізілді.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғылым конференция өтті

Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев өз сөзінде:

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы бізге тарих алдындағы асыл жауапкершілігімізді, халыққа қызмет етудің қасиетті дәстүрін еске салады, - деп атап өтті Бейшеналиев. 

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғылым конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы