Күнделікті тұтынатын кейбір тағамдар ағзадағы қабыну процесін күшейтіп, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы сарапшы Клаудия Мейрелес Metropoles басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Маманның айтуынша, белгілі бір тағам түрлерін жиі тұтыну созылмалы қабынудың артуына себеп болады. Уақыт өте келе бұл ішкі ағзалардың жұмысына кері әсер етіп, түрлі қауіпті аурулардың пайда болу қаупін арттырады.
Сарапшы әсіресе ультраөңделген өнімдерге, құрамында қант мөлшері жоғары тағамдарға, өңделген майлар мен фастфудқа назар аударуға кеңес береді. Оның пікірінше, мұндай тағамдарды тұрақты түрде пайдалану ағзадағы қабыну жағдайын үздіксіз белсенді күйде ұстап тұрады.
Сонымен қатар алкогольді шамадан тыс тұтыну да денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді. Ол бауырды зақымдап қана қоймай, ішек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Мақалада дұрыс әрі теңгерімді тамақтану қабыну процесін азайтуға көмектесетіні айтылған. Әсіресе көкөніс, жеміс-жидек және пайдалы майларға бай ас мәзірі ағзаның саулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Еске салсақ, дәрігер отқа ұзақ қақталған кәуаптың қауіпті екенін ескертті. Маман ең қауіпті өнімдер ретінде күйіп кеткен шұжықтар, сосискалар және басқа да еттен жасалған жартылай фабрикаттарды атады.
Тағы оқи отырыңыздар: Құрамы күмәнді: Дүкенде өріп тұрған қытайлық снектер қаншалықты зиян?