Көмірде қатты күйдіріліп дайындалған ет құрамында қауіпті заттар болуы мүмкін және денсаулыққа кері әсер етуі ықтимал екендігін ескертті гастроэнтеролог дәрігер, деп хабарлайды BAQ.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Қатты пісірілген кәуаптың зияны қандай
"Семейная" клиникалар желісінің терапевт-дәрігері әрі гастроэнтеролог Айсель Мамедова ашық отта дайындалған тағамдар мен күйіңкіреп кеткен кәуаптың қауіптілігі туралы айтты.
Отта ұзақ уақыт термиялық өңдеу кезінде еттің құрамында канцерогендер, мысалы полициклді ароматты көмірсутектер түзіледі, – деп түсіндірді ол.
Дәрігердің айтуынша, мұндай қосылыстар онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырып, ағзаның ерте қартаюына ықпал етуі мүмкін.
Сонымен қатар қатты күйіңкіреп кеткен етті тұтыну асқазан-ішек жолдарының жұмысына кері әсер етеді.
Қай өнімдер ең зиянды
Айсель Мамедова ең қауіпті өнімдер ретінде күйіп кеткен шұжықтар, сосискалар және басқа да еттен жасалған жартылай фабрикаттарды атады.
Оның сөзінше, мұндай өнімдердің құрамында тұз бен дәм күшейткіштер көп болады, ал қуыру барысында онда канцерогендер ең көп мөлшерде түзіледі.
Кәуаптың зиянын қалай азайтуға болады
Денсаулыққа келетін зиянды азайту үшін маман етті күйдірмей пісіруді ұсынды.
Сондай-ақ дәрігер кәуапты көп мөлшердегі көкөністермен, соның ішінде грильде дайындалған түрімен бірге тұтынуға кеңес берді.
Оның түсіндіруінше, көкөністердің құрамында зиянды заттарды бейтараптандыруға көмектесетін антиоксиданттар және ас қорытуды жақсартатын талшықтар бар.