АЭС-тен шыққан күлді қайтадан пайдалануға болады – Сахиев

27 Тамыз 2024, 15:06
525
Бөлісу:
АЭС-тен шыққан күлді қайтадан пайдалануға болады – Сахиев
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев АЭС-тен шыққан күлді қайта отын ретінде пайдалануға болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жылу электр орталығының АЭС-тен айырмашылығы одан шыққан күлді қайтадан қолдануға болмайды. Ал АЭС қалдықтарын болашақта жаңа АЭС түрлеріне қолдануға болады. Яғни, ол дайын тұрған отын саналады. Міне, осы технологиялар қазір әлемде дамып келеді. Біздің мамандарымыз да АЭС-тен шыққан отын қалдығын сақтау технологиясын меңгерген, - деді Сахиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Оның сөзінше, қалдықты болашақта жаңа АЭС-те отын ретінде пайдалануға болады.

Мысалы, қазіргі таңда Франция пайдаланылған отынды қайтадан кәдеге жаратып отыр. Біздің ғалымдар да 2-3 жыл болды, осы технологияны зерттеуге кірісіп кетті. Меніңше, таяу 2-3 жылда өз зерттеулерімізді қосып, мүмкін АЭС салынбай тұрып-ақ отын қалдықтарын қайта өңдеу технологиясын шығаруымыз мүмкін, - деді Ядролық физика институтының директоры.

Еске салайық, бұған дейін сарапшы" егер Қазақстанда АЭС салынса, оның тарифі қандай болады" деген сұраққа жауап берген еді.

Сондай-ақ Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "АЭС салу жемқорлыққа ұласпай ма?" деген сұрақтың жауабын айтты.

Өзгелердің жаңалығы