"АЭС салудан артта қалдық" – Дәурен Әбен

28 Мамыр 2024, 16:36
1578
Бөлісу:
"АЭС салудан артта қалдық" – Дәурен Әбен
Фото: автордан

"Астана" халықаралық қаржы орталығының EXPO аумағындағы кеңсесінде Қазақстандағы атом энергетикасы туралы форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан АЭС салудан артта қалды деп талай рет айтылды. Шынымен де осыдан 10, 15, 20 жыл бұрын жұмысты бастап кетсек, қазір өзіміздің АЭС болушы еді және осы мәселелерді басқа деңгейде талқылаушы едік, – деді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Дәурен Әбен.

Ол неліктен АЭС мәселесі ертерек шешілмегенін болжап та көрді.

Ол кезде сол кездегі басшылықтың саяси жігері жетіспеді ме? Жоқ, шенеуніктердің жеке жауапкершілік алуға батылы болмады ма? Сол сұрақ қордаланып қалды. Шешілмеді. АЭС салудың орнына мына бүгін біз отырған EXPO-ны салып, өткіздік. Сол EXPO-дан қандай пайда келді? Оны өздеріңіз білесіздер, – деді ол.

Айта кетейік, «Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары» тақырыбындағы мүдделі тараптардың форумын «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп өткізді.

Форумның негізгі мақсаты – атом энергетикасын дамыту жоспарларын, оның ішінде Қазақстанда атом электр станциясын салуды бірлесіп талқылау үшін мүдделі тараптарды бір пікірталас алаңында біріктіру.

Өзгелердің жаңалығы