Әділетті Қазақстанның жауапты азаматы жастар – сарапшы

18 Наурыз 2024, 15:32
695
Бөлісу:
Әділетті Қазақстанның жауапты азаматы жастар – сарапшы
Фото: Философия, саясаттану және дінтану институты

Алматыда "Әділетті Қазақстанның жауапты азаматы: құндылықтар мен мінез-құлық үлгілері" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстел жұмысына жетекші саясаттанушылар, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері атынан азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрайтынын атап өтті. Меніңше, әрбір адам өз жұмысына, қоғамға адал болуы қажет. Президент «Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады» деген еді. Әділетті Қазақстанның жауапты азаматы жастар болмақ. Қазақстандық жас азаматтардың мінез-құлық үлгілерін қалыптастыратын негізгі құндылықтар және олардың қоғамдық дамуға әсерін бағалау қажет. Отырысқа қатысушылар дөңгелек үстел барысында айтылған практикалық ұсыныстар мен ғылыми ұсынымдар ғылыми ізденістер үшін шығармашылық дереккөз болмақ, – дейді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Серік Тұрарұлы.

Саясаттанушылар мен мүшелердің пікірінше, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобы осы тетіктер арқылы түрлі әлеуметтік топтар арасындағы сенім мен мемлекеттік институттарға деген сенімді қоса алғанда, Қазақстандағы қоғамдық сенімді дамытудың ортақ перспективаларын тарататын болады.

Өзгелердің жаңалығы