Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне аяқ бастық - Тоқаев

27 Сәуір 2023, 11:16
795
Бөлісу:
Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне аяқ бастық - Тоқаев
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның XXXII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтық бірегейлікті нығайтудың арқасында өткен сайлау науқандары этникалық немесе басқа да тар артықшылықтардан, архаикалық стереотиптерден ада болды. Нағыз саяси бәсекелестікті, сан алуан көзқарастар мен идеяларды көрсететін таңдаудың жалпы азаматтық мотивтері басты болды, - деді Президент.

Оның айтуынша, қазір біз Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне аяқ бастық. Қоғамда жаңа идеялар, жаңа институттар, жаңа қоғамдық қатынастар белсенді түрде қалыптасуда – бұл қоғамның және жалпы мемлекеттің келбетін өзгертетін нақты реформалар.

Жақында стратегиялық жоспарлар деп айтқанымыз нақты шындыққа айналды. Ертеңгі күн біртіндеп бүгінге айналады, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы