Әділет министрі теріскей тұрғындарымен кездесті

4 Қараша 2022, 17:17
1046
Бөлісу:
Әділет министрі теріскей тұрғындарымен кездесті
Фото: автордан

 Әділет министрі Қанат Мусин Солтүстік Қазақстан тұрығындарымен кездесті. Саладағы тың жаңалықтар мен 20 қарашада өтетін Президенттің кезектен тыс сайлауы әңгіме өзегіне айналды, деп хабарлайды сөл өңірдің BAQ.KZ тілшісі.

5-ші маусым күні жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ел Конституциясына бірқатар өзгертулер енгізілгені белгілі. Осыған сәйкес Әділет министрлігі 5 заң жобасын әзірледі. Күні кеше депуттатар аталған құжаттарды қабылдады. Кездесу барысында министр осы бағытта атқарылып жатқан  халыққа мемлекеттік саясатты түсіндірді. 

Әділет министрі теріскей тұрғындарымен кездесті

Министрліктің ведомстволарына нотариус, адвокат пен заң кеңесшілерінің жұмысына қатысты сұрақтар жиі түседі. Бүгінгі күні «Нотариат туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Нәтижесінде жылжымайтын мүлік мәмілесін рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Аталған құжатты сатушының жылжымайтын мүлкі орналасқан елді мекенге бармай-ақ кез келген нотариалдық кеңсе арқылы рәсімдеуге болады. Сонымен қатар биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға өзгертулер енгізілді, оған сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық құрбандарына, бірінші және екінші санат мүгедектеріне, зейнет жасындағы азаматтарға құқықтық кеңес беруге кепілдік берілді. Жыл басынан бері СҚО бойынша 7 мың азаматқа тегін заңдық көмек көрсетілді, - деді Қанат Мусин. 

Әділет министрі теріскей тұрғындарымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы