Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді.

 Ұлттық олимпиада комитеті Бүгiн 2026, 21:19
Бүгiн 2026, 21:19
118
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді.

Осылайша, Әділет Алмат құрлық біріншілігін жеңіспен аяқтап, Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі таңда үш жүлде бар.

Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль иеленген болатын.

Наверх