Адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанамын – халықаралық байқаушы 

20 Қараша 2022, 15:18
928
Бөлісу:
Адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанамын – халықаралық байқаушы 

Бұл туралы Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені Монтасыр Абузейд Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, сайлау учаскесін аралау барысында олқылықтар кездесспеген.

Мен үшін халықаралық байқаушы болу – үлкен құрмет. Осымен төртінші рет байқаушы ретінде жұмыс істеп отырмын. Таңертеңнен бастап біз бірнеше сайлау учаскесін араладық. Ұйымдастыру деңгейіне тәнті болдық. Біздің байқағанымыз – ешқандай бұзушылықтар орын алған жоқ. Адамдар көтеріңкі көңіл күймен сайлауға келіп дауыс беріп жатыр. Оларға ешкім ешқандай қысым көрсеткен жоқ. Қазақстан халқын табысты және саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыру күтіп тұр, - деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші.

Сонымен қатар Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанатынын айтты. 

Адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанамын. Таңертеңнен бастап осы сәтке дейін мен 14 сайлау учаскесіне бардым. Егер проблема болса, мен ол туралы жергілікті байқаушыларды хабардар етеміз. Жергілікті байқаушыларға сенеміз. Себебі біз бүкіл сайлау учаскелерін қамти алмаймыз. Осы орайда маңыздысы – халықаралық байқаушылар мен жергілікті байқаушылардың ынтымақтастығы. Жергілікті байқаушылар тарапынан бізге әлі ешқандай шағым түскен жоқ, - деді Монтасыр Абузейд.

Өзгелердің жаңалығы