Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті

6 Қазан 2022, 19:09
1450
Бөлісу:
Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті
Фото: автордан

Республика көлемінде өтіп жатқан «EcoStudentKz» челленджін солтүстікқазақстандық жастар да жалғастырды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстандағы BAQ.KZ тілшісі. 

Тазалық акциясына облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты. Табиғат жанашырлары мәдени ошақтардың маңы мен шаһардың шетікі аудандарындағы ормандарды қоқыстан тазартты.

Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті

Қозыбаев университетінің студенті Бекзат Латыпова экологиялық шараға алғаш рет қатысып отыр. Ол бүгін өзі сынды еріктілермен бірге облыс орталығындағы Абылай хан резиденциясы мен Мағжан Жұмабаев ескерткішінің алаңын жинады. Экобелсенді адамзаттың табиғатқа жанашырлық танытпайтынына налиды. 

Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті
Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті

Біздің мақсатымыз қаланың тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындарғы өзімізді қоршаған ортаны ластауға болмайтынын тағы бір еске салу. Акцияға қатысушыларға қолқап пен футболкалар таратылды. Біз 10 қаптан астап қоқыс жинадық. Пластик және шыны бөтелкелер өте көп. Қоқыстың көптігі - кейбір тұрғындардың ішкі мәдениетінің төмендігінің белсігі, - дейді Бекзат Латыпова. 

Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті

Жастар қала маңындағы ормандарды да қоқыстан тазалады. 9 колледжден жиналған 150-ден астам студент 60 қапқа жуық қоқыс жинады. 

Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті
Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті

Бүгінгі шараға жастар белсенді қатысып жатыр. Әп-сәттен үлкен орманды жинап шықты. Жиналған қоқысты қайта өңдеуге тапсырамыз. Бұл акция бүгін аяқталмайды. Басқа да қала тұрғындары қатарымызға қосылады деген үміттеміз, - дейді қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Алина Айбасова. 

Адамдар табиғатқа қиянат жасап жатқанын ойламайды - ерікті

Жастар қаладағы саябақтар мен өзен-көлдердің жағарауын тазартпақ. 

 

Өзгелердің жаңалығы