Адам танымастай күйге түскен Арман Қайназаров күтпеген мәлімдеме жасады

26 Маусым 2023, 00:24
17968
Бөлісу:
Адам танымастай күйге түскен Арман Қайназаров күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Арман Қайназаров есімді әншінің мәлімдемесі пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, сахнаға оралатын жоспары жоқ. Әрі өзіне ешқандай әнші қарыз емес екенін және продюсер іздеп жатпағанын айтты.

Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Соңғы болған жағдайларды өз аузымнан естіп-біліңіздер. 18 маусымда Тимур Нұғман бауырым көшеден тауып алып, бір күн қол ұшын берді. Сол үшін рақмет. Бірақ артынан көптеген жалған ақпарат таратқаны белгілі болды. Соңғы жағдайға байланысты "Нурикамал" авторы мен емеспін, жай орындаушымын. Ешбір әнші маған қарыз емес. Барлық әншіге ризамын. Бауырларым, туыстарым жанымда, - дейді ол.

Сондай-ақ өзін ешкім ренжітпегенін, араққа тәуелді болғандықтан көшеге кетіп қалып жүргенін айтқан.

Осы уақытқа дейін менің атымнан ақша жинаған жоқпыз. Менің атымнан ақша жиналып жатса, сенбеңіздер. Осы соңғы жағдай отбасыма, туыстарыма өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан жалған ақпараттарды жан-жаққа таратпауларыңызды сұраймын. Сахнаға шығу жоспарымда жоқ, продюсер іздеп жатқаным да жоқ. Ниеттеріңізге, көңілдеріңізге рақмет, - дейді Арман Қайназаров.

Өзгелердің жаңалығы