Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың диалог алаңына айналған ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, шаруа, фермер қожалықтары, мәжбүрлі еңбекті анықтау үшін құрылыс объектілері, қонақ үйлер, жыныстық пайдалану фактілерінің жолын кесу үшін монша кешендері тексеріледі, сондай-ақ адам және кәмелетке толмағандар саудасын анықтау үшін интернет желісіне мониторинг жүргізіледі, - деп түсіндірді департамент басшысы.
Айтуынша, «STOP трафигі» кезекті жедел алдын алу шарасы өткізілді.
Операция кезінде полицейлер адам саудасына байланысты 37 қылмысты анықтады. Оның ішінде пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша 1 дерек, адам саудасына қатысты 8 дерек, оның ішінде кәмелетке толмағандар бойынша 4, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 8 фактісі тіркелді. Оның ішінде 1 кәмелетке толмағанды және 20 жәбірленушіні ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық фактілері бар. Сонымен бірге, бір ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды. Бұған қоса, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға үй-жайларды ұсынғаны үшін 13 әкімшілік құқық бұзушылық және 450-і қоғамдық орындарда қорлағаны үшін тіркелген, - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Еске сала кетейік, адам саудасы үшін Қылмыстық кодекстің 8-бабы бойынша ең жоғары жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, кінәлінің мүлкі тәркіленіп, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.