Адам баласын әдемі сөзбен "қарғау" керек - Сәкен Майғазиев

20 Қаңтар 2024, 21:32
689
Бөлісу:
Адам баласын әдемі сөзбен "қарғау" керек - Сәкен Майғазиев
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал әнші әрбір сөзге абай болу керектігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе “Ия, бұл әкең... бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган...” деп қалатынымыз да жасырын емес, - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Сәкен Майғазиев адам баласын әдемі сөзбен "қарғау" керек дейді.

 Балаларымызға ұрысқанда да, “Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр...”, деп “қарғайық”. Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік. 1984 жылдан бері бас имамдық міндетін атқарған әл-Судайс “Анамның “қарғысымен” имам болдым” деп еске алады “Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып “Қағбаға имам болғыр, Судайс” дейтін. Анамның осы "қарғысы" маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым” деген екен, - деп еске алды әнші.

Әнші Алла Тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей деген тілегін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы