Adaldyq alany. Жемқорлыққа қарсы ең ірі қозғалыс қалай жұмыс істеуде?

27 Наурыз 2021, 00:05
1272
Бөлісу:
Adaldyq alany. Жемқорлыққа қарсы ең ірі қозғалыс қалай жұмыс істеуде?

 

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты талқылау аясында өткен отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов айтып берді.

Агенттік өкілінің айтуынша, мемлекеттік органдардың жанынан ашылған Adaldyq alany жобалық кеңселері мемлекеттік қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтерген.

 

Бұл жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жалпыұлттық идеясын ілгерілетудің толыққанды брендіне айналады. Жобалық кеңсе аясында мемлекеттік органдардың ауқымды трансформациясы, қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелерінде әртүрлі деңгейдегі 300 сервистік әкімдік, 2 мыңнан астам кедергісіз фронт-офис ашылды. Мемлекеттік қызметкерлеріміз халыққа жақын бола түсті. Халық қызметтерге түсінікті әрі ыңғайлы жағдайда кіріседі, - деді Қуаныш Жапақов. 

Ол сондай-ақ бұдан былай мемлекеттік органдардың табысты жұмыс істеуі қоғамның қаншалықты қолдайтынына байланысты болатынын айтты.

 

Мемлекеттік органдардың басшылары мына бір ақиқатты түсінуі керек. Қоғамның қолдауынсыз табысқа жету мүмкін емес. Әлем енді өзгермейді. Бүгін барлығымыз ашық жағдайда қалып отырмыз. Бұрынғыдай қоғамнан, БАҚ-тан жабық болу мүмкін емес. Біздің агенттік құқық қорғау органы ретінде әлдеқайда консервативті болуы керек еді. Бірақ біз керісінше толық байланысқа есік ашып отырмыз. Осы арқылы өз үлгімізде басқаша жұмыс істеуге болмайтынын көрсеткіміз келеді, - деді агенттік өкілі елордада өткен кеңесте. 

Айта кетейік, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» әлеуметтік жобасы аясында онлайн семинар өткен еді.

Олжас АДАЙ


 

 

Өзгелердің жаңалығы