«Адалдықтар» Семейде Әлихан Бөкейханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

6 Қаңтар 2021, 18:47
1479
Бөлісу:
«Адалдықтар» Семейде Әлихан Бөкейханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «ADAL» партиясының өкілдері Семей қаласында Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мұндағы мақсат өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының көрнекті ұлының рухына тағзым ету. Кандидаттар гүл қою рәсімі кезінде Әлихан Бөкейханның шынайы патриотизмнің және Отанға қызмет етудің үлгісі екенін атап өтті.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысының Приречное ауылында партия мүшесі Алмасбек Садырбаев «Агрофирма «Приречное» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде қатысушылар кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламалар туралы сұрақтар қойып, бизнестің дамуын жеңілдететін жағдайлар жасауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы