«ADAL» партиясының өкілдері Ақтөбе облысында бірқатар кездесулер өткізді

13 Желтоқсан 2020, 15:10
1763
Бөлісу:
«ADAL»  партиясының өкілдері Ақтөбе облысында бірқатар кездесулер өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» партиясының өкілдері көпбалалы аналармен және жастармен кездесті.

Кездесу барысында жұмыссыздық жайы талқыланды. 

Партия өкілдері Ақтөбе қаласындағы көп балалы ананың үйіне барып,  7 баланы тәрбиелеп отырған әйелге қолайлы бизнес-жоспар құруға және оны одан әрі сүйемелдеу туралы түсіндірді. 

Одан бөлек шаруа қожалықтардың, сүт өнімдерін өңдеу цехтарының басшыларымен және басқа да кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Тараптар өңірдегі бизнесті субсидиялау мәселесін талқылады.

Ал жастармен өткен кездесу барысында жас кәсіпкерлерді қолдау жолдары сөз болды. Онда жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындарда тағылымдамадан өткізу мәселелері талқыланды.

адал1.jpeg




Өзгелердің жаңалығы