ADAL партиясының хатшысы Ұлттық кеңестің құрамына енді

18 Қаңтар 2021, 22:01
1974
Бөлісу:
ADAL партиясының хатшысы Ұлттық кеңестің құрамына енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» партиясының хатшысы әрі Саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) жаңартылған құрамына кірді.

ҰҚСК консультативтік-кеңесшілік орган болып табылады. Оның қызметінің негізгі мақсаты -- қоғам, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен бастамалар әзірлеу.

Айта кетейік, Эльдар Жұмағазиевтің мемлекеттік басқаруда, сондай-ақ БАҚ, қоғамдық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту саласында үлкен кәсіби тәжірибесі бар. 

Көп жылдар бойы ол өңірлік бас медиахолдингтің - «Атырау - Ақпарат» КМК, Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма Ттөрағасының кеңесшісі, осы палата басшысының бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 

Эльдар Тынышбайұлы - барлық посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ «Бастау» және «Жас кәсіпкер» табысты жобаларының идеологы және авторы. Оның басшылығымен және авторлығымен бұл бастамалар елде ауқымды және табысты іске асырылуда. 

2017-2020 жылдары жобаны іске асыру қорытындылары бойынша барлығы 152 128 адам оқытумен қамтылды, оның ішінде 39 070 адам бизнесін ашты немесе кеңейтті. ШОБ өсімі 2,5% құрады. Өнім мен қызмет көлемі 227,6 млрд.теңгені құрады. 40 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Оқуды аяқтаған азаматтардың 93% тұрақты түрде салық төлейді, 2017-2019 жылдар аралығында 802,8 млн теңге сомаға салық төленді.

Өзгелердің жаңалығы