«ADAL» партиясы өңірлерде 2371 кездесу өткізді

24 Желтоқсан 2020, 16:18
1798
Бөлісу:
«ADAL» партиясы өңірлерде 2371 кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» партиясының өкілдері Ақтөбе және Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда.

«ADAL» партиясы өңірлерде 2371 кездесу өткізді

Қандыағаш қаласында қала жұртшылығымен үлкен кездесу өтті. Қала тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, олар аймақта жартылай шикізаттық өнімді өндіру мен қайта өңдеу жүйесіне және басқа да көптеген мәселеге тоқталды.

Хромтау қаласында тұрғындар кейбір аудандарда сумен қамтамасыз ету проблемаларын көтерді. Сондай-ақ, қаланың кейбір аудандарының тұрғындары интернеттің жоқтығына наразы. Басқа тұрғындар несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту керектігін айтты.

Щучинск қаласында ипотекалық кредиттеу және жалға берушілердің салық салуына жеңілдіктер тақырыбы қозғалды. Сондай-ақ, кездесуге көпбалалы аналар қатысып, олар өздері тұратын тұрғын үй жағдайларын түзетуге көмек сұрады.

Өзгелердің жаңалығы