Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

4 Қараша 2021, 22:03
1010
Бөлісу:
Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлады Olympic.kz.

67 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадан ұтылып қалды. Нәтижесінде, отандасымыз әлем чемпионатының үшінші қола жүлдесіне қол жеткізді. 

Айта кетерлігі, Абылайхан Жүсіпов осыған дейін 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатының жартылай финалында қарсыластарына жол берген.

Белград шаршы алаңында кешкі сессияда Қазақстан сапынан Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов жарыстың финалдық жолдамасын сарапқа салады.

Әлем чемпионатының кешкі сессиясы елорда уақытымен сағат 23:00-де басталады. 

Өзгелердің жаңалығы