Абу-Дабиде мұнай өнімдері тиелген үш көлік жарылды
17 Қаңтар, 20:42 693

Абу-Дабиде мұнай өнімдері тиелген үш көлік жарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде Абу-Дабидің өндірістік аудандарының бірінде жойқын өрт болды, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.

Салдарынан мұнай өнімдері бар үш көлік жарылған. Бұл жайындп Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астаналық полиция қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бүгін таңертең Эль-Мусафф аймағында өрт шығып, жанармай сақтайтын резервуарлардың жанында орналасқан үш жанармай цистернасы жарылды. Абу-Даби халықаралық әуежайы маңындағы құрылыс алаңында да өрт тіркелді. Ешкім зардап шеккен жоқ, – делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлауынан тұтанған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өртті сөндіру және болған жайттың мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...