«Абу-Даби Плазадан» өрт шықты

10 Наурыз 2022, 15:55
1713
Бөлісу:
«Абу-Даби Плазадан» өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 наурызда сағат 14 57 минутта Өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Сығанақ 60/5 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған,  4 минута барған өрт сөндіру қызметкерлері ғимараттың 1 қабатында желдеткіш камерасы жанғанын анықтаған.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.  Өрт сөндірушілердің барғанша қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған. Өрт орнында 16 техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеген. Өрт 15:24 минутта сөндірілген.

Өзгелердің жаңалығы