Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

22 Сәуір 2021, 16:49
2755
Бөлісу:
Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап елордадағы Абу Даби Плаза сауда орталығында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау пункті жұмысын бастады.

Бұл пунктте №9 қалалық емханасының жылжымалы бригадасы жұмыс істеп жатыр. Емхананың жұқпалы аурулар дәрігері Арайлым Қаныбекқызы вакцинациялаудың сауда орталығындағы жұмысы туралы түсіндіріп берді.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Бүгін вакцинациялаудың бірінші күні. Жалпы жүру қарқыны жаман емес. Бұл пункт таңғы сағат 8:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бүгін сағат 13:43-ке дейін шамамен 50 адам вакцина алып үлгерді, - деді ол.

Дәрігердің айтуынша, №9 емханада күніне 450-ге жуық адам вакцина алып жатыр.

Бұл – біздің жеке пунктіміз. Сол себепті қанша адам вакцина алуға келсе, сонша адамға вакцина салуға дайынбыз. Коронавирустың қарқыны да өсіп жатыр. Сондықтан коронавирусқа қарсы антиденелері бар адамдардың да көп болғанын қалаймыз, - деп түсіндірді Арайлым Қаныбекқызы.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Дәрігер сауда орталығына келген адамдарға вакцина салу процесі қалай жүргізілетінін көрсетті.

Пациент пунктке жеке куәлігімен бірге келіп, тіркеледі. Кейін терапевттің қаралуында болады. Пациентті толық тексеріп, оның қысымын, температурасын, ауруларының бар-жоғын анықтаймыз. Сондай-ақ азаматқа вакцинацияға қарсы көрсеткіштерді түсіндіреміз. Содан кейін барып қана пациентті вакцинацияға жібереміз, - деп айтты ол.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Кейін вакцина алған адамға үш күн бойы не істеуге болмайтыны туралы нұсқаулық беріледі.

Үш күн ішінде вакцина алған адам инъекция салдырған жеріне су тигізуіне болмайды. Яғни моншаға, сауна мен бу бөлмелеріне кірмегені дұрыс. Одан бөлек, физикалық жүктемені азайтып, ішімдік ішуге болмайды, - деп айтты дәрігер.

Еске салсақ, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті және омыраулы әйелдерге, жіті аурулары, яғни инфекциялық аурулары болса, созылмалы аурулардың асқыну фазасы бар адамдарға КВИ-ге қарсы вакцина салдыруға болмайды. Сонымен қатар коронавируспен ауырған адамдарға 6 айдың ішінде екпе салдыруларына болмайды.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Алғашқы бұйрық бойынша 65 жастан асқандарға вакцина алуға болмайтын, енді қазір ол азаматтарға рұқсат берілді. Себебі ол кісілер тәуекел факторына жатады. Негізінде созылмалы аурулары бар адамдарға егер ауруы бірқалыпты жағдайда болып, дәрісін қабылдап, диетасын сақтаған жағдайда оларға да вакцина алуға болады. Ең қорқынышты ауру – ол онкологиялық аурулар. Олардың ешқандай метастазы, ремиссиясы, асқынулары болмаса ғана қорқамыз. Егер пациенттің онкологиясына ота жасалып, бірнеше жыл бойы ешқандай асқынулары көрінбесе, оларға да вакцина алуға болады, - деп атап өтті Арайлым ханым.

Зоб ауруы бар адамдар да күнделікті дәрісін қабылдап, дәрігерлердің нұсқаулығын орындап жүрсе, олардың да вакцина алуына болады. Қазіргі күні мұндай адамдар келіп, вакцина алып жатыр.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Дегенмен пациенттер вакцина алмас бұрын қабылдап жүрген емі болса, онда оны аяқтағаннан кейін ғана вакцина ала алады.

Бұл вакцина - тірі вакцина емес. Көбісі вакцина алғаннан кейін біреуге жұқтыруымыз мүмкін деп ойлайды. Вакцинаның құрамында ақуыз бар. Яғни бұл тірі вакцина емес, ол ақуыз. Сол себепті ол ешкімге қауіпті емес. Организм тек қана салынған ақуызға ғана реакция береді, - деп айтты маман.

№9 қалалық емханасында Sputnik V вакцинасымен вакцинациялау жүргізіліп жатыр.

Абу Даби Плаза СО-ның екінші қабатында тамақ сататын алаң уақытша вакцинациялау пунктіне айналған. Пациенттерді алдымен кіреберіс жерде орталықтың қызметкерлері тіркеп, терапевт маманына жібереді. Кейін вакцинация кабинетінен екпені алып, 30 минуттық күту алаңына өтеді.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Вацкина салдырып жатқан адамдар саны өте көп емес. Алайда ерікті түрде келіп жатқандардың қатарында зейнеткер Ольга Федоровна да бар. Ол вакцина алғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты.

Вакцина алуға өз еркіммен келдім. Негізі Өскеменненмін. Елордада балама қонаққа келіп, осы маңайда қыдырып жүрген едік. Ойда жоқта Абу Даби Плазадағы пунктке келіп, вакцина алдым. Дәрігер қыздар бәрін түсіндіріп берді. Олардың жұмысына көңілім толды және алғысымды айтқым келеді. Енді екіншісін Өскеменде салдыруым мүмкін. Жалпы отбасымызда алғаш болып өзім салдырып тұрмын. Қалған отбасы мүшелерім де вакцина салдыруды жоспарлап отыр. Карантин шектеулері шаршатты. Себебі бір балам Ресейде тұрады. Оған да қонаққа барғым келеді. Жалпы бұған дейін де туберкулезге, тұмауға қарсы вакциналар болған. Сондықтан азаматтар ақылға келіп, вакцинадан қорықпаулары керек, - деп айтты өскемендік.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Елорда қонағы халықтың бәрінің денсаулығы мықты болып, аман-сау болғанын қалайтынын және соған тілектес екенін айтты.

Aldar EuroAsia Property Management атқарушы директоры Хокан Нильсен де сауда орталығында құрылған вакцинация пунктіне қатысты пікірін білдірді.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Бір жылдан аса әлем COVID-19 пандемиясымен күресіп келеді. Енді қазақстандықтар да өздерін және жақындарын вирустан сақтайтын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алу мүмкіндігі туды. Біз COVID-19-ға қарсы күресте өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ вакцинаны неғұрлым көп адам алу мүмкіндігіне ыңғайлы жағдай жасауға атсалысамыз. Егер де біз бірігіп, екпе жасасақ, онда вирустың таралу жолына тосқауыл қоя аламыз. Абу Даби Плаза сауда орталығында мамандардан алдын ала медициналық тексеруден өтіп, бірнеше минут ішінде екпе алуға мүмкіндік бар. Мамандар вакцинация бекетінде орналасады. Сонымен бірге біз сауда орталығының жұмыс уақытын ұлғайтып, таңғы сағат 8:00-ден ашып, вакцина алуға ниетті адамдардың жұмыс күнінің басталуына дейін екпе алуларына мүмкіндіктер жасадық, – деп айтты Хокан Нильсен.

Абу Даби Плазада вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

Айта кетейік, сауда орталығының жұмыс уақыты күнделікті сағат таңғы 10.00-ден 22.00-ге дейін. Сондай-ақ вакцина алуға баратын азаматтар өзімен бірге жеке бас куәлігін алып келуі керек. Вакцинация процедурасы кезек ретімен өтеді.


Өзгелердің жаңалығы