Көлгінов Абу-Даби плаза кешені жайлы: Құрылыс қарқыны баяу

2 Ақпан 2020, 11:40
1843
Бөлісу:
Көлгінов Абу-Даби плаза кешені жайлы: Құрылыс қарқыны баяу

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің құрылыс барысын тексерді.

Кешен Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы сәйкес салынып жатыр. Жоба өкілдерімен кездесу барысында қала әкімі құрылысты мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті. 

Құрылыс қарқыны баяу жүрді. Осы факторларды ескере отырып, мен Біріккен Араб Әмірліктерінде сіздің  басшыңызбен кездестім. Шетелдік сапар барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Aldar Properties" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммад әл Мубаракпен кездесті. Кездесулерден кейін компания басшылығы бізге өз өкілін жіберді. Жұмыс қарқынын жылдамдату қажет. Нысанды уақытында аяқтау Президенттің жеке бақылауында. Нысан сапалы болуы қажет, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.  

"Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешені Орталық Азиядағы ең биік ғимарат және 5 блоктан тұрады. Өткен жылдың желтоқсан айында кешеннің сауда-ойын-сауық орталығы ашылды. Жобаны 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы