Абхазияда жұрт ереуілге шықты

10 Қаңтар 2020, 04:24
1305
Бөлісу:
Абхазияда жұрт ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзін мемлекет деп жариялап алған Абхазияда жұрт бүгін жаппай наразылыққа шығып, жаңа сайлау өткізуді талап етті. 

Жүздеген адам Сухум қаласында Абхазия президенті Рауль Хаджимба әкімшілігінің ғимаратына басып кіріп, "Хаджимба, оставкаға кет!" деп ұрандаған.

Абхазияның ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Беслан Багателия ТАСС агенттігіне "полицейлердің наразыларды президент әкімшілігі ғимаратынан ары ығыстырғанын, ішке кіргендер шығарылғанын" айтқан.

Абхазия президентінің әкімшілігі бұл наразылықты "билікке қарсы төңкеріс жасауға талпыныс" деп атады.

Оқиғаны мемлекеттік төңкеріске талпыныс деп бағалаймыз. Билік республикадағы жағдайды конституциялық тәртіпке сай қалпына келтіру үшін қолдан келгенін бәрін жасайды, - деп мәлімдеген президент әкімшілігі.

Абхазиядағы "Айтаира" (Қайта жаңғыру) оппозициялық партиясы елдегі жағдайды ушықтырмас үшін Хаджимбаның оставкаға кетуін талап еткен. Ал Абхазияның қорғаныс министрі Мираб Кимшария "Абхазия әскері ешқашан өз халқына қарсы шықпайды, саяси істерге араласпайды" деген.


Өзгелердің жаңалығы