Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы құрылыс учаскелерін аралап шықты

14 Наурыз 2021, 07:47
1338
Бөлісу:
Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы құрылыс учаскелерін аралап шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі пайдалануға берілетін тұрғын үйлердегі кемшіліктерді жоюды тапсырды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әбілқайыр Сқақов облыс орталығын аралауды «Екінші Павлодар» ықшам ауданынан бастады. Осындағы Литвинов көшесінде орналасқан парктің 1,1 гектар аумағы қалпына келтіріліп, жергілікті тұрғындар үшін тартымды орталыққа айналуы тиіс. Облыс әкімі жобаны міндетті түрде жергілікті тұрғындармен талқылауды тапсырды.
«Екінші Павлодарда» иесіз коммуникациялар мәселесі үнемі туындап отырады. Осы учаскеде өтетін желілердің барлығын, оның ішінде жеке су құбырларын тексеру қажет, – деді аймақ басшысы.
Металлургтер паркінде де жаңарту шаралары жоспарланып отыр. Абаттандыру жұмыстарымен қатар, жоба аясында жер асты суларын саябақ аумағынан тыс шығаруға мүмкіндік беретін дренаж жүйесін құру қарастырылған. Әбілқайыр Сқақов саябақты қалпына келтіру мәселесіне атүсті қарамауды талап етті. Бұл саябақ та аудан тұрғындары үшін тартымды демалыс орнына айналуы тиіс.

Саябақ бар болғанымен, оны адамдар пайдаланбайдының кері болмасын. Нақты тұжырымдама жасаңыз. Бүгінде саябақты тартымды ету үшін көптеген заманауи технологиялар бар. Оны балалардың да, ересектердің де, үй жануарлары бар адамдардың да, спорт әуесқойларының да мүдделерін ескеріп жасаңыз, – деді аймақ басшысы. 
«Сарыарқа» ықшам ауданында облыс әкімі 72 пәтерлік жаңа ғимараттың жағдайымен танысты. Бұл үй өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс болатын, бірақ мердігер жұмыстарын жоспарда белгіленген уақытта аяқтай алмады. Осының салдарынан үй маңындағы аумақты абаттандыруға дер кезінде кірісу мүмкін болмай отыр. Осы орайда Әбілқайыр Сқақов назарын құрылысшылардың жұмыс сапасына аударды.

Сіз құрылыс мерзімін созып қана қоймай, жұмысыңызды сапасыз орындап отырсыз. Кемшіліктерді жойыңыз. Адамдар жаңа қоныстарын күтіп қалды. Ойлап көріңізші, қоныстанайын деп жатқан пәтерлерінің түрі олар ойлағаннан әлдеқайда алшақ күйде болғаны қалай? – деді облыс басшысы құрылысшыларға.
Осыған ұқсас әңгіме «Достық» шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың бірінде де болды. Әбілқайыр Сқақов қарап шыққан екі үйдің жағдайын әр пәтеріне дейін мұқият бақылауды тапсырды. Айта кетейік, «Достық» шағын ауданындағы 216 пәтерлік көпқабатты ғимарат өткен жылдың қыркүйек айында салынса да, оның орталық коммуникацияларға қосылу мәселесінде қиындықтар туындаған болатын. Бүгінгі таңда үй электр қуатымен және сумен тұрақты түрде қамтылып отыр. Аязды қыс айларында қатпау үшін жаңа құрылыс нысаныны уақытша жылумен қамту желісіне жүйесіне қосылды. Оларды орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу мәселесі биыл іске қосылатын TM-42 жылу магистралінің құрылысы аяқталғаннан кейін шешілмек.
Өзгелердің жаңалығы