Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

19 Мамыр 2024, 17:35
551
Бөлісу:
Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Абу-Дабидегі әлем чемпионатында Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз ширек финалда бразилиялық балуан Наташа Ферейраны ұтты. Отандасымыз белдесу бойына белсенді болып, әуелі вазари ұпайына қол жеткізді. Сонымен бірге, кездесу соңына таман таза жеңіске қол жеткізіп, жартылай финалға шығып отыр.

Енді ол финал жолдамасын Моңғолия және Португалия балуандары жұбының жеңімпазымен белдеседі.

Сондай-ақ, Елдос Сметов жартылай финал жолдамасы үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі. Ал Нұрқанат Серікбаев Оңтүстік Корея балуанымен белдесуде ұтылып, жарысты аяқтады.

Бұған дейін дейін әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаев екінші айналымда есе жіберген болатын.

Өзгелердің жаңалығы