Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

25 Ақпан 2022, 16:04
1249
Бөлісу:
Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылады. 

Бұл туралы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 

2009-2015 жылдары Индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

Әр жылдары әкімдіктердің, «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ құрылымдарында жұмыс істеді.

2021 жылғы ақпаннан қазірге дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы