«Абайлаңыздар». Ринат Зайытов мәлімдеме жасады

26 Қаңтар 2024, 15:19
2492
Бөлісу:
«Абайлаңыздар». Ринат Зайытов мәлімдеме жасады
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов шығармашылығындағы жаңалығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі парақшасында жеке шығармашылық кеші өтетін айтып, жазба жариялады.

Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ, өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты,-деді депутат.

Ақынның шығармашылық кеші 10 ақпан күні Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді. Әннің барлығы жанды дауыста шырқалады. 

Сағат 19:00 де өздеріңізді “Абайлаңыздар” атты музыкалық кешке шақырамын. Кеш- түгелдей жанды дауыста өтеді. Өздеріңізге танылған әндерді Қазақ сахнасының жұлдыздары: Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, Заман тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев ж.т.б Алатау ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды. Уақыт тауып, келген көрермен өкінбейді. Біз сіздерді сағына күтеміз,-деді Ринат Зайытов.  

Ақын бұл кешке мемлекет қаржысынан бір тиын да жұмасалмайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы