Абай шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына қандай өтемақы берілді

21 Желтоқсан 2021, 15:55
1480
Бөлісу:
Абай шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына қандай өтемақы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абай шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына қандай өтемақы берілгені белгілі болды.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов кеншілер, металлургтер және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін басқа да кәсіп түрлерінің зейнеткерлік жасын қысқарту туралы депутаттардың сауалына жауап берді.

7 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Абай» шахтасындағы апат салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру нәтижесінде ұжымдық шарт талаптарына сәйкес әрбір отбасына жалпы сомасы 278,3 млн теңгеге 10 жылдық еңбекақы төлемі көлемінде материалдық көмек көрсетілді (комиссия мүшелері арнайы тексеру актісіне қол қойған сәттен бастап), - деді Тоғжанов.

Сонымен қатар қайтыс болғандардың отбасыларына асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындалады.

Еске сата кетейік, 7 қарашада Қарағанды облысындағы «Абай» кенішінде апат болып, салдарынан 6 адам қаза тапты. 

12 қарашада Абай шахтасында апат салдарынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтқан болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы