Шахтадағы апат: Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?

12 Қараша 2021, 12:46
1205
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абай шахтасында апат салдарынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны айтылды. Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов мәлімдеді.

Адам өмірі бәрінен қымбат. Бүгінгі күні қайтыс болған азаматтардың жақындарына тиісті көмек көрсетілді. Қайтыс болуына байланысты жерлеу рәсімдерін өткізуге 1,5 млн теңгеден бөлінді. Сондай-ақ АМТ («АрселорМиттал Теміртау» АҚ) тарапынан он жылдық көмек көрсету мәселелері қарастырылып жатыр. Қазіргі күні облыс әкімі және өнеркәсіп саласына жауапты облысы әкімінің орынбасары АМТ ғимаратында үшжақты кездесу өткізіп жатыр, - деді Абзал Нүкенов.

Оның сөзінше, кездесуде кеншілер тарапынан қойылып жатқан нақты ұсыныстар талқыланып жатыр.

Тергеу амалдары әлі жүріп жатыр. Республикалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Сонымен бірге АМТ өнеркәсіп орнының ұлкен жауапкершілігі болуы керек. Модернизациядан өтіп, жұмысты күшейтуі керек. Өйткені көп мәселе техникалық қауіпсіздікті сақтауға келіп тіреледі, - деп айтты облыс әкімінің орынбасары.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин іссапармен Қарағанды облысына баратыны туралы хабарлаған едік

Өзгелердің жаңалығы