Абай облысының жолшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

26 Ақпан 2024, 12:22
355
Бөлісу:
Абай облысының жолшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
VIDEO
Фото: скрин

Абай облысының жолшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық маңызы бар М-38 "Омбы-Майқапшағай" автожолының Абай облысы арқылы өтетін учаскесінде көлік қозғалысына шектеу жоқ, жол ашық.

Алайда, аталған өңірде ауа райы тұрақсыз. Бүгін таңертең сағат 6.00-ден бастап ақ ұлпа қар жауып тұр. Ауа температурасы -15 градусты көрсетіп тұр. Метеорологиялық мәлімет бойынша бүгін басталған қар бір тәулік бойы жаууы мүмкін деп болжанады. Сондықтан, жолшылар күшейтілген режимде жұмысқа кірісті, - делінген хабарламада.

Ағымдағы сағатта 828-915 шақырым аралығындағы "Суықбұлақ к.-Қалбатау к.", 587-733 шақырым "Павлодар қ.-Семей қ.шек.", 756-828 шақырым "Семей қ. шек.-Суықбұлақ к." учаскесінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 75 бірлік арнайы қар тазалау техникасы мен 102 жолшы жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін аталған жолға 600 тонна тұз бен 1000м3 құм себу жоспарланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы