Абай облысындағы орташа айлық жалақы – 340 мың теңге

4 Қараша 2024, 16:28
430
Бөлісу:
Абай облысындағы орташа айлық жалақы – 340 мың теңге
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, 9 ай қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 105,3%.

Үлкен өсім құрылыс саласында 131,6%-ға, өнеркәсіпте – 102,6%-ға, ішкі саудада – 110,5%-ға, ауыл шаруашылығында – 106,4%-ға, инвестицияларда – 100,5% тіркелді, - деді әкім.

Облыста 237 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы баспаналы болды. Ұранхаев болжам бойынша жыл аяғына дейін оң динамика сақталады деп сендірді.

Орташа айлық жалақы 2-тоқсан қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады.

1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттіhttps://baq.kz/semey-kosheleri-qarangy-akim-sebebin-tusindirdi-200000709/к бюджетке 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті. Республикалық бюджетке – 197 млрд, жергілікті бюджетке – 97,8 млрд теңге. Өсу қарқыны – 126,5%-ды құрайды, - деді Ұранхаев.

Биыл облыс бюджетінің көлемі 480,8 млрд теңгені құрады.

Меншікті кірістер – 135,5 млрд теңге. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 120%-ға артық. 25 жыл ішінде өңірдің инфрақұрылымы тұралап қалғанын білесіздер. Тозған дүниені әлі жаңартумен келеміз, - деді әкім.

Бұған дейін хабарланғандай, БАҚ өкілі Семей қаласы тұрғындарының қала көшелеріндегі көп шамдар жанбайтынына, жеке сектордағы мектепке апаратын жолдар жарықтандырылмағанына шағымданатынын жеткізді. Бұл мәселе қашан шешілетінін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.

Сондай-ақ, жуырда БАҚ-та жарияланған облыс әкімдерінің рейтингінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бірінші орында екені айтылды. Әкім осыған қатысты пікірімен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы