Абай облысындағы өрт: Өзбекстан президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

12 Маусым 2023, 13:13
850
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт: Өзбекстан президенті Қазақстан халқына көңіл айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы