Абай облысының тұрғыны мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болғанда өзінің психиатриялық есепте тұрғанын білген.
Тұрғын ауруханаға және Облыстың денсаулық сақтау басқармасына психиатриялық есепке қоюды заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсіріп, бұл мәліметті психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен алып тастауды талап еткен.
Медициналық мекеменің комиссиясы талап қоюшыны есепке қою туралы мәліметтер қате, тиісті медициналық куәландырусыз және диспансерлік бақылау тәртібін бұза отырып енгізілді деген қорытындыға келген.
Бірақ уәкілетті орган медициналық мекеменің бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеден алып тастау қажеттілігі туралы өтінішін қараусыз қалдырған.
Медициналық мекеме өкілінің айтуынша, талап қоюшының амбулаториялық картасы жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты жойылған, бірақ жоюдың растайтын актісі ұсынылмаған.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілі тіркелімнен мәліметтерді алып тастау үшін талап қоюшы дәрігерлік-консультациялық комиссияның куәландыруынан өтуі қажет екенін атап көрсеткен.
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты істің материалдарын зерттеп, талап қоюшыны есепке қоюдың заңсыздығы туралы қорытындыға келді.
Сотта жауапкерлер талап қоюшының психиатриялық көмекке жүгінуі, тиісті медициналық куәландыруды жүргізу, клиникалық бақылаулардың болуы, талап қоюшының не оның заңды өкілдерінің медициналық көмек көрсетуге келісімі туралы дәлелдемелер ұсынбағаны аталды.
Сот талап қоюды қанағаттандырды. Аурухана мен денсаулық сақтау басқармасына психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен талап қоюшы туралы мәліметтерді алып тастау міндеті жүктелді, - деп хабарлады Абай сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін мүгедектігін рәсімдей алмай жүрген Ақтау тұрғыны емханада шу шығарды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Өмір бойы құжатсыз өмір сүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Абай облысында балабақша қызметкерлерінің құпия деректері желіге тарап кетті
Автоинспектор мен нотариус бар: БҚО-да 82 көлікті заңсыз тіркеген топ ұсталды