Өмір бойы құжатсыз өмір сүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды

Жамбыл облысында 42 жыл бойы «жасырын» өмір сүрген тұрғын анықталды.

 gov.kz Бүгiн 2026, 20:45
Бүгiн 2026, 20:45
246
Фото: gov.kz

Қордай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері 1984 жылы туылған тұрғынға құқықтық мәртебесін анықтап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмек көрсетті.

Ол өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Құжаттары мен тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған.

Ол Қордай ауданына көшіп келген соң шалғай таулы аймағында малшы болып жұмыс жасаған.

Полиция қызметкерлері алдымен оның жеке басын анықтап, қажетті мәліметтерді қалпына келтіру, құжаттарын рәсімдеу, архивтік мәліметтерді жинап, жеке деректерін тексере отырып тиісті сұраныстар жолдау жұмыстарын ұйымдастырып, құжаттардың толық топтамасын дайындады.
Барлық кезеңде азаматқа кеңестік және практикалық көмек көрсетілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы 20 мамырда Самат Жанеков алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.

Ол Қордай АПБ басшылығы мен қызметкерлеріне, «Аяла» отбасын қолдау орталығына алғысын білдіріп, көрсетілген көмек оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына үлкен себеп болғанын айтты.

Наверх