АҚШ пен Иран келіссөздері тағы да тоқырауға ұшырады

Тегеран мен Вашингтон ұсынылған келісімге келіскен жағдайда, Иранның 24 миллиард доллар көлеміндегі активтері бұғаттан шығарылуы мүмкін. Алайда АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі Иран активтері Ормуз бұғазы ашылғаннан кейін ғана босатылатынын мәлімдеді.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 07:47
Бүгiн 2026, 07:47
287
Фото: depositphotos.com

Иран АҚШ-тың ұшыру алаңдары мен катерлерге жасаған соққыларынан кейін жауап шараларын қолданатынын мәлімдеді. Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы атысты тоқтату режимінің кез келген "бұзылуына" жауап қайтаруға өзінің "заңды" құқығы бар екенін айтты.

Бұған дейін америкалық әскерилер Ормуз бұғазы маңындағы ирандық зымыран ұшыру қондырғылары мен кемелерге “өзін-өзі қорғау соққыларын” жасаған болатын. Бұл шабуылдардың атысты тоқтату режиміне қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Басылымның жазуынша, АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандум әзірлеп жатыр. Алайда Иранның ядролық бағдарламасы мен санкцияларға қатысты тұжырымдар бойынша келіспеушіліктер мәміленің жасалуын кешеуілдетіп отыр.

New York Post басылымының хабарлауынша, Иран төңірегіндегі шиеленістің күшеюі аясында Дональд Трамп сәрсенбі күні Кэмп-Дэвид резиденциясында министрлер кабинетінің отырысын өткізеді.

Сейсенбі күні Катар астанасы Дохада өткен келіссөздерден Иранның жоғары лауазымды шенеуніктері оралды.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметінше, Катар мен Иран дипломаттары негізінен Иранның “мұздатылған қаражатын” талқылаған. АҚШ-тың қатаң санкциялары мен аймақтағы зорлық-зомбылық Ирандағы экономикалық дағдарысты ушықтырды, ал Тегеран шетелдік банктерде сақталған миллиардтаған доллар активтерін шұғыл түрде босатуды талап етіп отыр.

Егер Тегеран мен Вашингтон ұсынылған келісімге келіскен жағдайда, Иранның 24 миллиард доллар көлеміндегі активтері бұғаттан шығарылуы мүмкін. Алайда АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі Иран активтері Ормуз бұғазы ашылғаннан кейін ғана босатылатынын мәлімдеді.

Наверх