Абай облысында азаматтық форум өтті

26 Тамыз 2023, 03:25
970
Бөлісу:
Абай облысында азаматтық форум өтті
Фото: gov.kz

Қазақстанның кезекті ХІ Азаматтық форумы аясында Семей қаласында Абай облысының «Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» тақырыбында өңірлік азаматтық форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлік форум жұмысына үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, саяси партиялар, діни бірлестіктер мен бизнес өкілдері, жалпы 100-ге жуық адам қатысты.

Форумның Пленарлық сессиясында ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет құттықтау сөз сөйлеп, Азаматтық форум платформасының мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

Форум барысында «Абай облысындағы үкіметтік емес секторды дамытудың өзекті мәселелері» мен «Мемлекет - әлеуметтік кәсіпкерлер – БАҚ тиімді өзара іс-қимылы» тақырыптарында диалог алаңдары ұйымдастырылды. Онда азаматтық сектордың нашақорлыққа қарсы іс қимылы, мемлекет пен қоғамның тиімді өзара іс-қимылына арналған инновациялық жобалар, азаматтық қоғам – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі және т.б. бағыттағы түрлі мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, өңірдің белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы