Абай облысында аңшылық алқаптар бекітіліп жатыр

24 Шілде 2023, 21:50
503
Бөлісу:
Абай облысында аңшылық алқаптар бекітіліп жатыр
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында аңшылық алқаптарды бекіту қолға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аңшылық алқаптарды бекіту браконьерлікті төмендету, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту мақсатында жүргізіледі. 

Алқаптар бекітілгеннен кейін шаруашылықтар жануарлар дүниесін қорғау және жануарларды азықтандыруға міндетті болады. Бүгінде Абай облысының аумағында 19 аңшылық алқап бар, оның 8-і бекітілген және 11-і резервтік қорда орналасқан. Онда аңшылық-кәсіпшілік жануарлардың 30-дан астам түрі мекендейді. Заңсыз аңшылықты азайту, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылықтар шарт аясында биотехникалық іс шараларды жасауы міндеттеледі. Бұл - азықтандыру алаңдарын, арнайы жабдықтарды орнату, тұз, шөп пен астық қалдықтарын дайындау, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жануарлар түрлерінің санын есепке алу, деректерді талдау жүргізетін болады. 

Сонымен қатар Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жақын арада www.gosreestr.kz веб-порталында аңшылық алқаптарды электрондық түрде бекіту бойынша конкурс өткізіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы