Абай облысында 200-ден аса адам қар құрсауынан шығарылды

16 Ақпан 2024, 20:27
454
Бөлісу:
Абай облысында 200-ден аса адам қар құрсауынан шығарылды
VIDEO
Фото: скрин

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар құрсауынан 200-ден аса адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 9 бала. Құтқарылғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес.

68303 әскери бөлімінің жеке құрамы Абай облысының ТЖД бірлесіп, халықты жылыту пунктіне эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Жолшылар Абай облысындағы республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай автожолында ауа райының қолайсыздығанан туындаған қиыншылықтармен күресіп жатыр.

Жұмыс 24\7 тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатыр.

Аталған өңірде ауа райы тұрақсыз. Қалың қар жауып тұр, бұрқасын, көрініс шектелді.

 

Өзгелердің жаңалығы