Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы хакімнің туғанына 175 жыл. Бүгінге дейін Абай мұрасын үгіттеу мен әлемге таратуда біраз жұмыстар істеліп жатқаны анық. Хакім еңбектері әлем тілдеріне аударылумен қатар бір неше елде Абай ескерткіші орнатылғаны да белгілі. Төменде әлемдегі белгілі Абай ескерткіштері туралы тоқталамыз.
Ресейдің Мәскеу қаласында
Мәскеудегі Абай ескерткіші 2006 жылы Қазақстан елшілігінің маңына орнатылған. Сол жылы екі ел президенттерінің шешімі бойынша Ресейде Абай жылы, ал Қазақстанда Пушкин жылы деп жарияланған болатын. Соған орай Астана қаласында Пушкин ескерткіші, ал Мәскеуде Абай ескерткіші орнатылған болатын. Қоладан жасалған ескерткіш авторлары: Мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сулейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенколердің қолынан шыққан. Бұл ескерткішті орнату жұмысын Қазақстан жағы қаржыландырған.Иранның Тегеран қаласында
Иран елі тарихы бай, құнды қолжазбалар мен тарихи жәдігерлердің отаны. Бұл елдегі Абай ескерткіші 2007 жылы 5 қазанда Иран ұлттық кітапханасының кіреберісіндегі бас аллеяға орнатылған. Ескерткіштің бұнда орнатылу себебі иран ұлттық кітапханасымен арадағы берік мәдени байланыс негізінде жүзеге асқан еді. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.
Әзербайжанның Баку қаласы
Өзбекстан, Ташкент
Көрші Өзбекстанның астанасында Абай ескерткіші 2013 жылы екі елдің тұңғыш президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримовтің қатысуымен ашылған. Ескерткіш Ташкенттегі Шайхантахур ауданындағы басты көшелердің бірі Абай көшесіне орнатылды. Бұл ескерткіштің авторлары – белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев. Ескерткіш еңселі, асқақ бейнеде сомдалған. Оның биіктігі – 9,2 метр. Қазірге дейінгі Абай ескерткіштері арасындағы ең танымалдарының бірі деуге де болады.
Венгрияның Будапешт қаласы
Қытай, Бейжің қаласы
Бейжің қаласындағы Абай ескерткіші ескерткіш авторы Юань Сикуньнің ұсынысымен 2014 жылы "Цзинтай" көркем музейінде орнатылды. Ашылу салтанатына сол кездегі сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов арнайы барып қатысты. Мүсін авторы осы арқылы Абай бейнесін мәңгіге таңбаладық деді. Шара соңында қос елдің жастары Абай өлеңдерін екі тілде оқыды.
Францияның Ренн қаласы
Мысырдың Каир қаласы
Ақын ескерткіштері бұдан сырт Стамбул, Витебск қалаларында да бар. Биыл Германия, Аустрия, Италия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның басты қалаларында Абай ескерткіштерін ашу жоспарланып отырғаны туралы да айтылған.
Автор: Есбол Нұрахмет