Абаев қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

4 Қаңтар 2023, 12:38
1760
Бөлісу:
Абаев қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрінің қызметін атқарған Дәурен Абаев қызметінен босатылуына қатысты пікірін айтты, деп жазады BAQ.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігін басқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Тіпті ғұмыр парағымдағы жарқын әрі ұмытылмас сәттер осы кезеңде болды десем қателеспеймін. Маған сенім артып, осы уақыт ішінде атқарылған барлық жұмысыма үлкен қолдау көрсеткен ел Президентіне ерекше алғыс білдіремін. Мемлекет басшысының жүзеге асырып жатқан барлық  реформасы елімізді жетістіктерге жеткізіп, алға жетелейтініне нық сенімдімін, – деді Абаев жазбасында.

Сонымен қатар ол кері байланыс орнатып, кеңес беріп, керек кезде сынай білген халыққа алғыс айтты.

Мұның барлығы біздің жемісті еңбек етіп, саладағы күрделі мәселелерді шешуімізге өз ықпалын тигізді. Министрлік және министірлікке бағынысты ұйымдар ұжымына да ризашылық танытамын. Көп жұмыс атқарылды, әлі де қолға алар шаруалар жетерлік. Бұл орайда жаңадан тағайындалған министр Асхат Ораловқа  сәттілік тілеймін!, – деді экс-министр.

Өзгелердің жаңалығы