Алаяқтық азаймай тұр

4 Қыркүйек 2020, 21:36
1803
Бөлісу:
Алаяқтық азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында алаяқ 60 жастағы тұрғынды алдап кеткен. Polisia.kz сайтының мәліметіне қарағанда, Мағжан Жұмабаев ауданының 60 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген. 

Белгісіз қылмыскер оны алдап, 400 мың теңгесін жымқырған. Телефон арқылы өзін құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырған алаяқ, әйелдің немересінің келеңсіз жағдайға тап болғандығын және бұл мәселені шешудің “құнын” айтып хабарласқан. Есі шыққан әйел қаскөйдің қойған барлық талаптарын орындап, көрсетілген шотқа ақша аударған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Әйел адамның немересіне хабарласып, мән-жайды сұрамағаны түсініксіз. Осылайша әрекет ететін қылмыскерлердің психологиялық қысым көрсететіні сөзсіз. Алайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты-мыс деген туыстарына қоңырау шалу, қылмысты тоқтатуға септігін тигізетінін естен шығармаған жөн. Сондай-ақ, термналдардың маңына, подъездерге жиі жапсырылатын және sms-хабарламалар түрінде жолданатын жадынамаларды назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Жадынамаларда полиция қызметкерлері және қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметі өкілдері алаяқтық қаупі туралы ескертеді, асығыс әрекет етпеуді және алынған ақпаратты тексеруді ұсынады. Полицейлердің айтуынша, телефон алаяқтығының әдісі өткен жылдары белең алған. Енді қаскөйлер интернет-кеңістікке ауысты. Алаяқтар өздерін банктің қауіпсіздік қызметі өкілімін деп таныстырып, осындай тәсілмен әрекет етеді. Олар хабарламалар арқылы шотынан ақшасын біреудің шешіп жатқандығын айтып, құрбанын шошытып, тез арада банк картасының кодын айтуды талап етеді. Іс жүзінде қажетті ақпаратты иеленіп алып, қылмыскер интернет-банкингтің көмегімен құрбанының шотына кіреді. Бүгінгі күні бұл киберқылмыстың кең тараған әдісі. Алаяқтар танымал хабарландыру сервистеріне, Instagram әлеуметтік желісіне жоқ тауарларды сату мен қызмет түрлерін ұсыну туралы хабарландырулар орналастырып, олар үшін алдын ала төлем жасауды талап ететін әдіс жиі кездеседі.Полицейлер адамдарды қырағылық танытуға, алдын ала төлем жасауға келіспеуге, мәліметтерді қайта тексеруге, мәселен – “сатушыдан” тауардың бейнекөрінісін көрсетуді сұрауға шақырады. Сондай-ақ, жеке және қаржылық мәліметтеріңізге мұқият болуға, қандай жағдай болмаса да жеке куәлігіңіз бен банк карталарыңыздың суретін ешкімге жібермеуге кеңес береді - дейді дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

СҚО полицейлері жыл басынан 46 интернет-алаяқтықты ашты.

Өзгелердің жаңалығы