Ақылбек Күрішбаев: Аграрлық ғылымды тиісті дамыта алмай келеміз

3 Наурыз 2020, 00:25
2237
Бөлісу:
Ақылбек Күрішбаев: Аграрлық ғылымды тиісті дамыта алмай келеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығындағы дағдарыс ауа райының қолайсыздығынан, фермерлердің сауатсыздығынан туындап отырған мәселе еместігін мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығындағы дағдарыс ол саланы басқаруда және оның технологиялық дамуында дұрыс шешім қабылдай алмауымен байланысты екенін айтты.

Осыдан 17 жыл бұрын, ауыл шаруашылығының жас вице-министрі болған маған, ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа буын менеджерлері келетін сияқты көрінді және олар біз құрған базаны пайдалана отырып, аграрлық саланы сапалы жаңа деңгейге көтереді, ал оны басқару жүйесі эволюциялық жағдайда дамиды және жақсарады деп ойладым. Ал қазір ол ойымның жүзеге аспағанын көріп отырмын. Өкінішке орай, ештеңе де жақсармады. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана емес, барлық салаға қатысты мәселе, - деді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінде "Табиғи іріктеу заңдарының" нашар жұмыс істейтінін айтқан. Ауыл шаруашылығында мемлекеттік менеджерлердің жақсы теориялық білімі ғана емес, практикалық тәжірибесі де болуы керек және олар жергілікті жерлердегі нақты жағдайды білуінің маңыздылығын көрсеткен.

Бірақ та, біздің министрліктің тағы бір әлсіз жағы бар. Бұл, іс жүзінде, оның қызметінде аналитикалық құрауыштың болмауы. Ел Президенті Қ.К. Тоқаев та біздің назарымызды осы мәселеге бірнеше рет аударған болатын. Біз білетініміздей, ол ғылымға негізделуі керек.
Сондай-ақ еліміздегі іргелі оқу орнының басшысы тәуелсіздік алғаннан бері аграрлық ғылымды дамыта алмауымыз бұл саланың басты проблемасы екенін баса айтқан.

Нидерланды, жер алқаптарының көлемі бойынша Қазақстанға қарағанда 63 есе кіші, соған қарамастан, ауыл шаруашылығы өнімдерін бізден 33 есе көп экспорттайды (!). Және айта кетері, ол елде жеке ауыл шаруашылығы министрлігі жоқ.

Олардың жетістігінің құпиясы - аграрлық саланың стратегиялары мен даму бағдарламалары шенеуніктердің кабинеттерінде емес, ғылыми зертханаларда әзірлеуінде, яғни оны тікелей ғалымдар әзірлейді.  Нидерландының "Азық-түлік алқабының" өзегі болған Вагенинген зерттеу университеті (University of Wageningen) ауыл шаруашылығын дамытудағы Голландияның ғажап көзі болып табылады.

2009 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке қолдауымен біз шетелдік сарапшылармен бірлесіп Шортанды ауылындағы халықаралық аграрлық ғылыми орталық - А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО базасында ұйым жобасын әзірледік.

Бұл орталық жетекші аграрлық елдердің тәжірибесі мен ұқсастығы бойынша жобаланған, мұнда ғылыми қалашықтың құрылысы, заманауи мықты ғылыми зертханалар құру қарастырылған. Біз артта қалған аграрлық ғылымның бағыттары бойынша ғылыми жетекші ретінде жетекші шетелдік ғалымдарды тарту көзделген еді. Әрине, бұл жоба белгілі бір мемлекеттік инвестицияларды талап етті. Менің ойымша, бұл қаражатты бюджеттен табуға болатын еді. Алайда, бұл жоба "күшпен" зорға дегенде іске қосылды. Сол кезде сиырлардың жаппай импорты өз "миын" өсіруден және АӨК-ні ғылыми қамтамасыз етудің заманауи жүйесін ұйымдастырудан гөрі маңызды болды.

Сонымен қатар ол өзі жетекшілік етіп отырған университет ғалымдары UC Davis (АҚШ) және AgriParisTesh (Франция) университеттерімен бірге оқу орны базасында әлемдегі жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының үлгісі бойынша аграрлық зерттеу университетін құруды ұсынғандығын атап өткен.


Осы жоба бойынша біз осы университетті құру бағдарламасын ауыл шаруашылығы министрлігіне және басқа да бірқатар министрліктердің қарауына ұсынғанымызға бір жыл өтті. Тіпті, ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың жеке тапсырмасынан кейін де зерттеу университетін ұйымдастыру және оның бағдарламасын бекіту үдерісі "зорға" жүріп жатыр. Министрліктің кейбір қызметкерлері аграрлық ғылымда осындай өзгерістердің қажеттілігін әлі де талқылауда.

Жуырда Сенатта парламенттік тыңдау барысында ауыл шаруашылығындағы дағдарыс туралы айтылды. Иә, жағдай шынымен де оңай емес, - деп айтты өз сөзінде А. Күрішбаев.




Өзгелердің жаңалығы