Ақтөбеде мемлекет меншігіндегі автокөліктерді жеке мақсатқа пайдаланған басшылар жауапқа тартылды

31 Шілде 2019, 14:34
1815
Бөлісу:
Ақтөбеде мемлекет меншігіндегі автокөліктерді жеке мақсатқа пайдаланған басшылар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өкілетті орган қызметкерлері мемлекет меншігіндегі автокөліктерді жеке мақсатқа пайдаланған бірнеше басшыны жауапқа тартты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2030 әскери бөлімі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиесілі нөмірі бар автокөліктердің «Жайсан» және «Әлімбет» шекара бекеттерінен өтуіне қатысты мониторинг жүргізді. Нәтижесінде жеке мақсатта пайдаланудың 4 фактісі анықталды.

«Бақылау кезінде Қарғалы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мекемесіне қарасты «Бадамша-сервис» КМК директоры қызметтік автокөлігімен «Әлімбет» шекара бекетін 6 рет кесіп өткен. Сонымен қатар, «Табыс Ақтөбе» ЖШС, «Қазавтожол» ҰҚ АҚ облыстық филиалы және «Мұғалжар аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қарасты қызметтік автокөліктер «Әлімбет» және «Жайсан» шекара бекеттерін бірнеше рет кесіп өткен», - деп хабарлайды «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобасының баспасөз қызметі.

Қызметтік көлікті жеке мақсатқа қолданған жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Жаба мамандары аталған шараның тұрақты түрде жалғасын табатынын және құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар заңнамамен көзделген жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды.

Өзгелердің жаңалығы