Ақтөбе облысының екі ауылына газ тартылды
PHOTO
13 Қыркүйек 2020, 09:12 1451

Ақтөбе облысының екі ауылына газ тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  Әйтеке би ауданындағы  әлеуметтік- экономика салаларында  атқаралып жатқан бірқатар шаруалармен танысты.

Өңір басшысы   Талдысай ауылындағы   ауылішілік газ құбырының алғашқы іске қосу рәсіміне қатысты. Ұзындығы 18 732 м болатын құбыр арқылы 408 тұрғын үй, 23 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қол жеткізбек. 

4c1cc4c9-9d5c-48f3-828c-32f89dd7bb9b.JPG

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басты бағыттардың бірі халықтың әлеуетін арттыру. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында биыл ауданда 1 млрд теңгеге жуық 13 инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады. Өткен жылы Талдысай, Жамбыл, Еңбекту ауылдарына газ құбырын салу жұмыстарына қаражат бөлінді. Бүгінде аудан тұрғындарының 47,8%   көгілдір отын игілігін көруде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 56,4 пайызға дейін жеткізу жоспарда, - деген облыс әкімі 11 балалы анаға көгілдір отын пешін сыйға тартты. 

600143c6-17cd-4c12-be7b-bff7ebee13f8.JPG

Аймақ басшысы Темірбек Жүргенов ауылындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалармен танысты.   

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеуге 221 млн тг бөлінген. 4,4 км жол жөндеуден өткен. “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасымен Комсомол ауылындағы ұзындығы 1,384 км жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 13,67% құрайды. 

383790f6-a9f6-47b4-8ed0-f11735ce21b8.JPG

Аталған ауылда үйлері апатты деп танылған 16 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Облыс басшысы тұрғындарға күрделі жөндеуден өткен үйдің   пәтер кілтін табыстады. Тозығы жеткен үйден жаңа қонысқа қол жеткізген тұрғындар облыс әкіміне алғыстарын білдірді. Айтып өтейік, аудандық ауруханаға қарасты жатақхана ғимараты бірнеше жылдардан бері пайдаланусыз тұрды. 2019 жылы нысан күрделі жөндеуден өтіп, биыл тапсырылды. Сондай-ақ, аймақ басшысы   «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ТҮКШ т.б бөлімдер бір ғимаратқа шоғырланған сервистік әкімдікті аралады. Бұдан соң, Әйке а.о Тереңсай ауылына ат басын бұрған өңір басшысы ауылдық мектептің жай- күйімен танысып, «Атамекен» ҰКП «Бизнес бастау» жобасы аясында бизнесін бастаған жас кәсіпкермен кездесті. Тереңсай ауылдық клуб ғимаратынан сұлулық салонын іске қосқан.

85f50cb6-48dd-4399-8ff6-dfe1fee53fac.JPG

Кеңес Гүлбану 2019 жылы суммасы 500 мың тг болатын мемлекеттік грант ұтып алған. Облыс басшысына атқарылып жұмыстар үшін алғыс білдірген ауыл ақсақалдары Тереңсай ауылына газ кіргізіп беруді сұрады. 

Аймақ басшысы Сұлукөл ауылдық округі аумағында орналасқан «Беңқала» АҚ тау-кен карьері мен «Алтынсарино» ЖШС егін алқабының жұмыстарын көрді. Тау кен өндіру орнында жылына 710 мың тонна темір кенін өндіреді. Жер асты қазба байлығы РФ, Қытайға жіберіледі. 200 ден астам жергілікті азамат жұмыс жасайды. 2020 жылдың 7 айында    332 мың тонна темір кені өндірілген. Ал, 2003 жылдан бері бидай егумен айналысатын «Алтынсарино»  ЖШС егін шаруашылығы биыл 24725 га алқапқа   ақ алтын еккен. Облыс әкіміне аудандағы ауылшаруашылық саласында атқарылған жұмыстар баяндалды. 

8f60c76e-ce42-47af-9048-eee24324df3c.JPG

Әйтеке би ауданында биылғы егістік маусымында 219 мың аумаққа егін егілген. Оның 168 мың га дәнді-дақыл, 17 мың га мал азығы, 4000 га майлы дақыл. Аймақ басшысы Қарабұтақ ауылында болды. 2018 жылы «Ауыл қамқоршысы» акциясы аясында салынған «Әкелер саябағымен» және Қарабұтақ ауылының даму әлеуетімен танысты. Саябақта тұрғындардың демалуына, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалған. Мұнда балалар ойын алаңы, волейбол, футбол алаңдары, стол теннисі орналастырылған. Жастар бос уақытын осында тиімді пайдаланады. 

2fb135f6-78f2-4679-83ea-d4e139e4a662.JPG

Жұмыс сапарын Еңбекту ауылында қорытындылаған облыс әкімі    ауылішілік газ құбырының    іске қосылу рәсіміне қатысты. Құны 59 млн теңгеге іске асырылған газ құбырының ұзындығы 6,4 км құрайды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданының басшысы Дархан Ермағанбетовке индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мен мемлекеттік және жеке әріптестік шеңберінде жобаларды іске асыруды, шағын және орта бизнес саласын дамытуды тапсырды. Сонымен қатар, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.



Фото: дереккөз
Загрузка...