Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамту» науқаны өткізілді

2 Тамыз 2019, 04:39
1068
Бөлісу:
Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамту» науқаны өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылғы 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Полиция департаментімен облыс аумағында «Жұмыспен қамту» науқаны өткізіліп, оған ювиналды полиция бөліністерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қамқоршылық бөлімнің өкілдері жұмылдырылды»,- делінген хабарламада.   

Науқан мақсаты – жазғы демалыс кезеңде кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, оған қоса полиция бөлімдерінде  қолайсыз отбасылар санатымен профилактикалық және тізімдік есепте тұратын балалардың бос уақытын басқа да ұйымдастырылған нысандарға тарту болып табылады.

Науқан кезеңінде мыңнан аса кәмелетке толмағандардың бос уақыты қамтылды, оның ішінде 200 есепте тұрғандар және 600 бала қолайсыз отбасында тәрбиленетіндер.

Сонымен қатар, науқан барысында 146 ойын сауық мекемесі, 62 техниканы бақылау станциясы, 83 көлік жуу орны тексерілді. 

Тексеру барысында қаламыздағы көлік жуу орындарының бірінде кәмелетке толмаған 2006 жылғы жасөспірімге қатысты еңбек заңының бұзылғаны анықталып, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасына ұсыныс жіберілді.

Полиция бөлімдерінде есепте тұрған және қолайсыз отбасында тәрбиеленетін жасөспірімдерді жұмыспен қамту мақсатында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына және халықты жұмыспен қамту органдарына 32 өтініш жолданды.

 

Өзгелердің жаңалығы