Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, біреуі жарақаттанды

29 Қаңтар 2020, 23:28
1222
Бөлісу:
Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, біреуі жарақаттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданында төбелес кезінде жасөспірім жарақаттанған.

Бұл туралы polisia.kz сайтында хабарланды. 

27 қаңтар күні жоғары сынып оқушыларының арасында төбелес болған. Салдарынан 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алған. Полиция төбелеске қатысқан барлық баланың кім екендерін анықтады. Жасөпірімді жаралады деген күдікпен 9-сынып оқушысы ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген ресми хабарламада.

Бұрын да Шалқарда осығын ұқсас оқиға болған. 2019 жылы 26 қаңтарда екі мектеп оқушыларының арасында төбелес болған. Ол кезде 10-сынып оқушысы жараланып, ертеңінде ауруханада көз жұмған болатын. Оны жаралаған 17 жастағы айыпталушы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.



Өзгелердің жаңалығы