Ақтөбе облысында ит-мысықты атуға 54 миллион теңге жұмсалады

2 Тамыз 2019, 21:58
3216
Бөлісу:
Ақтөбе облысында ит-мысықты атуға 54 миллион теңге жұмсалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ақтөбеде 13 мыңнан астам ит, 371 мысық жойылды7 Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Жыл басынан бері жан-жануарлар тістеп, тырнап тастаған 1 мыңнан астам адам дәрігерге қаралды. Облыста Байғанин, Әйтеке би, Мұғалжар, Шалқар, Хромтау аудандарында үй жануарынан адам зардап шегіп, жергілікті атқарушы орган шектеу қою шешімі шығарылды. Биыл ит-мысықты ату жұмысына 54 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, жұмыс жалғасып жатыр.

«Қаңғыбас иттерден зардап шеккендер үнемі тіркеліп тұрады. Қауіпті аймақтар туралы ветеринарға ескертіледі. Сол жерлерде ату жұмыстары жүргізіледі», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Өзгелердің жаңалығы